"Астана резеңке емес": Белгілі ақын бас қалаға келушілерді шектеу керектігін айтып, тосын ұсыныс тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана резеңке емес": Белгілі ақын бас қалаға келушілерді шектеу керектігін айтып, тосын ұсыныс тастады

"Астана резеңке емес": Белгілі ақын бас қалаға келушілерді шектеу керектігін айтып, тосын ұсыныс тастады

Ақын Несіпбек Айтұлы Астанаға жыл сайын ағылып келетін оқушыларды айтып, болашақта келушілерді шектеу керектігін айтты. 

  • 10 Ақпан 2023
  • 215
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы халқымен кездесуі барысында айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Мына кейінгі 30 жылда қоғам алмасқаннан кейін жұрттың бәрі қалаға ағылып жатыр. Ауыл қалып жатыр. Өткенде әкімнің есеп беруінде естідім Құдай-ау жылына 40 мың  оқушы келеді екен. Астана созыла беретін резеңке емес қой енді. Сондықтан, болашақта астанаға келушілерді шектеу керек. Басқа қалаларды дамыту, басқа өңірлерді дамыту керек. Астананы бұлай соза беретін болса су мәселесі де басқа мәселелер де шығады келешекте", — дейді ақын.

Айта кетейік, Несіпбек Айтұлы бір сұхбатында Иманғали Тасмағамбетовтың өз ақшасына 4 бөлмелі үй алып бергендігі туралы айтқан еді.


 

Соңғы жаңалықтар