Астана шенеуніктері автобуспен жүретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана шенеуніктері автобуспен жүретін болды

Астана шенеуніктері автобуспен жүретін болды

Елордалық әкімдік пен қала аудандарының топ-менеджерлері қоғамдық көлікпен жүретін болды, бұл тапсырманы Астана әкімі Әсет Исекешев қол астындағыларға берген.

  • 27 Шiлде 2017
  • 213
Фото - Caravan.kz

"Елорда басшылары, қала әкімі мен орынбасарларынан бастап, аудан әкімдері мен орынбасарлары аптасына бірнеше рет, сондай-ақ басқарма, қала ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелер басшылары күніне бір рет қоғамдық көлікті пайдалануы тиіс", — деді Исекешев бейсенбі күні жиналыста.

Маусым айының ортасында ЭКСПО-2017 кезінде көлікпен қамтамасыз ету және қаладағы жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өткен жиналыста Астана әкімі қалалық автобустардың қызмет көрсетуін  қатаң бақылауға алуға уәде берген еді.