Астана тұрғыны биіктен секіріп өлмек болған қызды құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны биіктен секіріп өлмек болған қызды құтқарды

Астана тұрғыны биіктен секіріп өлмек болған қызды құтқарды

Сүйіктісімен жүздесе алмай жұртты дүрліктірді! Астанада 19 жастағы бойжеткен 10-шы қабаттан секіріп өлмек болды. Оның мұндай қадамға баруына, анасының жігітімен кездесуге тыйым салуы себеп болған көрінеді. Ал тапа-тал түсте тамырын кесіп, суицид жасауға оқталған қызды құтқарушылар емес, сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан жігіт ажалдан арашалап қалған. 

  • 11 Наурыз 2014
  • 228
Фото - Caravan.kz

— Тоқта, тоқта.

Осылайша, оқиға куәгерлері жан-жақтан айқайлап қызды райынан қайтаруға жанталасып жатыр. Алайда, ол жердегілердің жанайқайын елеген жоқ. Тіпті аяғын төмен салбыратып  жұрттың зәре-құтын қашырды.

-Тоқта деймін, тоқта!

Сәлден соң алқынып құтқарушылар да жетті. Әйтсе де, олар баспалдағын жоғарыға көтеремін дегенше, мына жігіт қырағылық танытты. Дереу шатырға шығып, суицид жасағалы отырған бойжеткенді ажалдан арашалап қалған.

Не істеп не қойғанын білмей өкіріп жылаған қызды жедел-жәрдем алып кетті. Ал бойжеткенді құтқарған Асқар Оразалин жеке құрылыс компаниясында істейді.  Ол 8-ші наурыз күні дүкенге торт пен гүл алуға барып, осы оқиғаның кездейсоқ куәгері болады. Содан көп ойланбастан   көмектесуге бел буып, жоғарыға жаяу көтерілген. Алайда, шатырға  полицейлер жібермегендіктен қулыққа басыпты. Сөйтіп өзін  «ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін» деп таныстырған.

Асқар Оразалин, Астана қаласының тұрғыны:

-Мен комитеттен дегесін маған ешкім тіл қатпады. Ал қыз жолама, қазір секіреп өлем деді. . Төмен қарады да, ырғып түскісі келді. Сол кезде мен ойланбастан қолына шап беріп, өз кеудеме басып алдым қызды. Содан, қатты толқып кеттім, қыз жылады. Мені құшақтап.

Осы шудан кейін ғана шатырдың есігін мықтап бекітіп тастапты.  Енді оны ашық қалдырған КСК басшылығы да, жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды.


-Әрқашанда жабық болуы керек. Снип бойынша, осы есіктер өрт кезінде ғана автоматты түрде ашылуы қажет.

Депутаттар мен шенеуніктер тұратын Астананың әкімшілік орталығындағы оқыс оқиғаны қазір тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Жарық дүниемен қош айтысқысы келген қыз, өзі секіріп өлмек болған үйде тұрады екен. Ал мұндай қадамға баруына анасының жігітімен кездесуге тыйым салғаны түрткі болыпты.

-Қазір өз-өзіне қол салмақ болған қыз психологтардың бақылауында. Ал полиция бұл үйдің шатырының есігінің неліктен ашық қалғанын анықтауға кірісті. Осы оқиғадан кейін Астанадағы барлық пәтер иелері кооперативтерін тексеріс күтіп тұр.