Астана тұрғыны көпірден құлап кеткен қыздарды құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны көпірден құлап кеткен қыздарды құтқарып қалды

Астана тұрғыны көпірден құлап кеткен қыздарды құтқарып қалды

Елорда тұрғыны Даният Зият өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, суға кеткен екі жасөспірім қызды құтқарып қалды.

  • 9 Шiлде 2021
  • 81
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл оқыс жағдай Қазақстан Астана күнін тойлаған өткен мерекелік демалыста болған. Данияр өз қыздарымен және жиенімен бірге Сарайшық даңғылындағы көпірде серуендеп жүрген. Сол кезде екі жасөспірім қыз көпірден өзенге құлап кеткенін көрген.

Ер адам жылдам баспалдақ арқылы өзенге қарай төмен түсіп, киімін шешпестен суға түскен.

"Мен сол сәтте екеуін бірдей қалай құтқарсам болады дегенді ойладым. Сондықтан қыздарды судан алып шығу үшін бар күшімді садым", — деп еске алды Данияр Зият.

Құтқарылған қыздың бірінің анасы 5 шілде енді олардың отбасында ерекше күнге айналатынын және ол үшін Даниярға қарыздар екенін айтты.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Петер Штурм Данияр Зиятқа алғыс хат табыстады. Айта кетсек, Данияр "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да техникалық саясат департаментінде бас менеджер болып жұмыс істейді.


Данияр Зият теміржол саласындағы еңбек жолын 2009 жылы "Экспресс" филиалының 1 дәрежедегі техник мамандығынан бастаған. Теміржолшының ұрпағы саналатын ол қазір үш баланың әкесі. Біраз уақыттан бері "Жолаушылар тасымалы" АҚ орталық аппаратында жұмысқа кіріскен. Жолаушылар тасымалы шаруашылығындағы нысандарды жаз және қыс маусымына дайындау, сондай-ақ пойыздың жылжымалы құрамын техникалық жабдықтау мәселелерімен айналысады.

Соңғы жаңалықтар