Астана тұрғыны өз еркімен полицияға есірткі затын тапсырды
Сейсенбі, 12 шілде күні сағат 13.30-да елорда іргесіндегі Қырқыншы стансыда жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында Астана қаласының 45 жастағы тұрғыны өз еркімен полицияға есірткі затын тапсырған. |
ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бекітілген сот-химиялық сараптама полицияға тапсырылған зат «гашиш» есірткі заты екенін дәлелдеген. Оның салмағы 4,46 грамм. Әлгі азаматтың айтуынша, ол есірткіні стансы теміржолының жанынан 3000 теңгеге сатып алған. Полиция тексеру жүргізуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін