Астана тұрғынына шұғыл донор қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғынына шұғыл донор қажет

Астана тұрғынына шұғыл донор қажет

Динараға донор керек! Астана тұрғыны Динара Жансейітова екі бүйрегіне ота жасауға қаржы іздеп қайырымды жандардан көмек сұрайды.

  • 10 Ақпан 2015
  • 290
Фото - Caravan.kz

34 жастағы келіншек қазір жұмыстан да шығып қалған. Сырқаты күн санап асқынғандықтан дәрігерлер гемеодиализге көшіріпті. Аптасына 3 рет ауыр сұйықтықты алу оңайға соқпаса керек, тіпті науқастың баласына да қарауға шамасы жетпей, 4 жасар ұлын әке-шешесінің қолына берген. Ең өкініштісі – Динараға донор табылмай отыр. Өйткені, елімізде екі бүйрегі мүлдем істемей қалған 3 мыңға жуық адам донор іздеп шарқ ұрып жүр. Өмірі үшін арпалысқан Динара болса, Түркияның бірқатар емханаларына да хабарласып көрген екен. Ондағылар бүйрегіңді 25 мың еуроға ауыстырып береміз депті. Алайда, жұмыссыз қалған келіншектің оған қаржысы жоқ.

Кәмила Жансейітова, Динараның әпкесі:

-Бұның қиналғаны бізге қатты батады. Қолымыздан ештеңе келмейді. Бәрі қаражатқа тіреліп қалды ғой. Сондықтан жомарт жандар  көмек берсе екен.

Динара Жансейітованың байланыс телефоны: 8-701-514-74-87