«Астана» велошабандозы Ерлан Пернебеков мезгілсіз көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велошабандозы Ерлан Пернебеков мезгілсіз көз жұмды

«Астана» велошабандозы Ерлан Пернебеков мезгілсіз көз жұмды

«Astana Pro Team» баспасөз қызметінен велошабандоз Ерлан Пернебековтың мезгілсіз көз жұмғанын қайғыра хабарлайды. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға қолдан келгеннің барлығын жасаса да, нәтиже болмаған.

  • 18 Наурыз 2014
  • 346
Фото - Caravan.kz


Велошабандоз «Астана» командасымен бірге Эквадор елінде жаттығу жиынында болған екен. 14 наурыз күні Эквадордың жергілікті уақыты бойынша кешке жақын кезекті жаттығудан кейін Пернебеков басының ауырып жатқанын айтыпты. Артынша ол жергілікті госпитальға жатқызылады. Дәрігерлердің айтуынша спортшының күре тамыры жарылып кетіп, бұл инсультқа әкеп соққан. Содан велошабандоз терең ұйқыға, яғни жасанды комаға енгізіледі. Ауруханада оның қасында команда жаттықтырушысы Владимир Ремыга болған.

Қазіргі сәтте комада әкімшілігі ҚР СІМ өкілдерімен спортшының денесін Қазақстанға жеткізу мәселесін шешуде.
«Астана» велокомандасы Ерлан Пернебековтың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

«Ерланның өлімі — команда үшін де бүкіл Қазақстан велоспорты үшін де орны толмас ауыр қаза. Біз Ерланды әрқашан есте сақтаймыз. Ол мейрімді, ашық-жарқын жігіт болатын. Кез-келген қиындықты мойымай жеңе білетін қайсар жан еді. Ол ұлы жеңістерге жетуді армандады. Және отбасының, туған-туыстарының тірегі болатын. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгілік сақталады», — деп хабарлайды команда әкімшілігі.