Астана жұртшылығы Аманжол Бөлекпаевты соңғы сапарға шығарып салады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана жұртшылығы Аманжол Бөлекпаевты соңғы сапарға шығарып салады

Астана жұртшылығы Аманжол Бөлекпаевты соңғы сапарға шығарып салады

Бүгін, 26 желтоқсанда Астанада сағат 10.00 «Жастар» сарайында саяси және қоғам қайраткері Аманжол Бөлекпаевты соңғы сапарға шығарып салады.

  • 26 Желтоқсан 2013
  • 358
Фото - Caravan.kz

Аманжол Қуанышұлы өмірінің көп жылын елорданың құрылысына және дамуына арнаған. Қайта құру кезеңінде, қаланың қалыптасуы барысында оны қазіргі заманға сай дамыған көрікті қалаға айналдыру үшін көп еңбек сіңірді.

 Аманжол Бөлекпаев 1941 жылы 1 қаңтарда туған. Бөлекпаевтар отбасы Ақмола облысының Новоишимка ауылында тұрған, ал балалық шағы Рождественка ауылында өтті. Әскери борышын өтеп келген соң автотехникумды сырттай бітірген, ал 1981 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының механикалық факультетін тәмамдаған.

 Автокөлік жүйесінде ұзақ уақыт еңбек етті: колонна бастығы, таксопарктің бас инженері, автокөлік кәсіпорнының бастығы, облыстық жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі болды.

 1987 жылы Аманжол Қуанышұлы Целиноград қалалық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1992-1997 жылдар аралығында қаланы басқарған, Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы, Ақмола қаласының әкімі, Ақмола арнайы экономикалық аймағының төрағасы болған.


 12-ші шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды. Ақмола арнайы экономикалық аймағын құруға бастамашы болған және оның алғашқы басшысы лауазымында қаланы республикалық мемлекеттік органдардың көшіп келуіне дайындаған.

 «Құрмет белгісі», "Құрмет" ордендерімен, төрт медальмен марапатталған. Астана қаласының құрметті тұрғыны, деп хабарлайды astana.kz.