Астанада 1-11 сынып оқушылары мен 1,2 колледж студенттері үшін сабақтар өткізілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 1-11 сынып оқушылары мен 1,2 колледж студенттері үшін сабақтар өткізілмейді

Астанада 1-11 сынып оқушылары мен 1,2 колледж студенттері үшін сабақтар өткізілмейді

Елордада ауа райының бұзылуына орай бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мен 1,2 колледж студенттері үшін сабақтар өткізілмейді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

  • 19 Желтоқсан 2013
  • 406
Фото - Caravan.kz


«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, ауа температурасы түнде -10;-12°C болса, күндіз -5;-7°C болады. Желдің жылдамдығы 17-25 м/с, қар жауады, боран.

Еске салайық, 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус болғанда; ал 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері (1-2 курс)  үшін — 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.