Астанада 20 жолаушысы бар автобус жол-көлік апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 20 жолаушысы бар автобус жол-көлік апатына ұшырады

Астанада 20 жолаушысы бар автобус жол-көлік апатына ұшырады

Астанада 20 жолаушы отырған №5 бағыттағы автобус қар тазалаушы техникамен соқтығысты.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Колышбекова мәлім етті. 

«Қалалық қоғамдық көлікпен пен қар тазалаушы техника жол-көлік оқиғасына ұшырады. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептерін анықтап жатыр. Жолаушылар зардап шеккен жоқ», — деді ол.

Дегенмен, автобус жүргізушісі жедел медициналық көмек көлігімен ауруханаға жеткізілді. 
С.Колышбекованың айтуынша, қар тазалаушы техника күрегімен автобустың бүйірінен соққан. Оқиға бүгін таңертең сағат 10-да Конституция және Бейсеков көшелерінің қиылысында орын алды.

«Қазіргі уақытта кінәліні анықтап жатыр, жүргізушіден басқа зардап шеккендер жоқ», — деді ол.