«Бұған 1410 саяжай салынған 123,1 гектар, 99 тұрғын үй мен 159 гараж салынған 16,6 гектар жер учаскесі кіреді»,- деп нақтылап өтті С. Ногай. Оның ақпараттарына сүйенсек, бюджеттік емес қаржы есебінен жалпы құны 9 млрд 656 млн теңгені құрайтын тұрғын үй кешендерін және әкімшілік ғимараттар, кеңселер мен дүкендері салуға 33,18 гектар жер телімі босатылған.
Ол, сондай-ақ, үстіміздегі жылы Телман атындағы қаланың шетіндегі ауыл маңындағы 1300 саяжай учаскесін бұзу жоспарланып отырғандығын хабарлады. «Шұбар ауданында санақ жүргізілуде. Бұл жерде бұзу проблемалары күрделі болып келеді, жеке меншіктегі үйлерді бұзуға үлкен шығын шығатын болды»,- деп атап өтті С. Ногай. Департамент директоры, жер телімдерін бюджет қаржысы есебінен босату бағдарламасы бойынша осы жылы Астана қаласының тұрғын үй департаментіне 2 млрд 287 млн теңге бөлінгендігін хабарлады.
Астана әкімі Асқар Мамин өз кезегінде, Астанада баяғыдай «өздерінің жеке меншік жерлерінде бағбандық шаруашылықтарымен айналысқысы келетіндердің көп» екендігін айтып өтті. «Осыған сәйкес бағдарлама әзірлеп, азаматтарға осы мүмкіндікті беру керек, біздің де мүмкіндіктерімізді қарап, болашақ бағбандық серіктестіктерге су құбырларын тарту және оларды абаттандыруға назар аудару керек»,- деді әкім. Осыған байланысты ол жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімге 10 күн ішінде аталмыш проблеманы зерделеп, «болашақтағы бағбандық серіктестіктерді орналастыру үлгілерін ұсынуға» тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті