Астанада 2009 жылы ЭКОСАИ елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдары ұйымдарының ассамблеясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 2009 жылы ЭКОСАИ елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдары ұйымдарының ассамблеясы өтеді

Астанада 2009 жылы ЭКОСАИ елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдары ұйымдарының ассамблеясы өтеді

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Есеп комитеті 2009 жылы Астанада экономикалық ынтымақтастық елдерінің (ЭКОСАИ) жоғарғы қаржылық бақылау органдары ұйымдарының ассамблеясын өткізеді. Бұл туралы кеше Бішкекте өткен ЭКОСАИ басқармасының 13-отырысында мәлім етілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Шiлде 2008
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Отырыста стратегиялық мақсаттарға орай Есеп комитеті ЭКОСАИ ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен бірлескен бақылау-талдау шараларын өткізу, олардың жұмыс тәжірибелерін пайдалану жолымен мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша әрі қарай да жұмыс істей беретіні атап көрсетілді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

ЭКОСАИ — экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының ұйымы болып табылады. Оған Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пакистан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан елдері мүше. 2007 жылдың қазан айында ҚР Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев ЭКОСАИ басқармасының президенті болып сайланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті