Астанада 22-25 маусым күндері Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 22-25 маусым күндері Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

Астанада 22-25 маусым күндері Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

Астанада 2017 жылдың 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді.

  • 21 Маусым 2017
  • 230
Фото - Caravan.kz

Құрылтай барысында шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, басқа да көмек көрсету, шетелдік жастарды Қазақстанға білім алуға шақыру сынды мәселелер талқыланатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы құрылтайға шақырылғандардың басым көпшілігі — әртүрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген шетелдік қазақ жастары.

Құрылтайға 40-тан астам мемлекеттен 350 адам және әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.


Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайы 1992 жылы Алматыда,  II құрылтайы 2002 жылы Түркістанда өткізілген болатын. Ал одан кейінгі құрылтайлар 2005 және 2011 жылдары елордамыз Астанада өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар