Астанада 30 жыл түрмеде жазасын өтеген ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 30 жыл түрмеде жазасын өтеген ер адам ұсталды

Астанада 30 жыл түрмеде жазасын өтеген ер адам ұсталды

Астанада бұрын түрмеде жазасын өтеген ер адам ұрлық істегені үшін ұсталды.

  • 23 Қараша 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, бас бостандығынан айыру орындарында 30 жыл жазасын өтеген 52 жастағы ер адам елорда автобустарында ұрлық жасап жүрген.

Ол Ақмола облысының тұрғынынан автобуста 200 доллары мен алтын сақинасын ұрлап кетеді. Іздеу кезінде ер адам қызметкерлердің көзіне түскен. Күдікті көліктен шығар кездегі қарбаласқан сәтті пайдаланып, әйелге жақындап, әмиянын сөмкесінен білдіртпей алып шыққан. Ол валютаны айырбастау пунктінде ауыстырғаны анықталды.

«Сонымен қатар ер адам қоғамдық көлік жолаушыларынан ұялы телефондарды да ұрлаған. Сол сияқты тәсілмен ол Iphone 7+ және Iphone 13 Pro атты екі телефонды ұрлаған. Қалта ұрысы кезекті автобус ұрлығы кезінде қылмыс үстінде ұсталды.мТаңертеңгі қарбалас уақытта ол автобус салонындағы жолаушылардың көптігін пайдаланып, кезекті жәбірленушінің сөмкесінін ашып, 20 мың теңгеден астам ақшасын ұрлаған. Бақылау жүргізген қарапайым киімдегі жедел қызметкерлер ұрының күдікті әрекеттерін байқап, оны ұстады» делінген хабарламада.


Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті мойындады. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар