Жарияланды: 690

Астанада 4-5 қыркүйекте "Ғаламдық қатер - энергетикалық шешімдер" атты KazEnergy қауымдастығының үшінші Еуразиялық энергетикалық форумы өтпек

Астана. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 4-5 қыркүйекте "Ғаламдық қатер - энергетикалық шешімдер" тақырыбына KazEnergy қауымдастығының үшінші Еуразиялық энергетикалық форумы өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі KazEnergy қауымдастығының хабарламасына сілтеме жасай отырып.

KazEnergy ақпаратына сүйенсек, Еуразиялық энергетикалық форум жоғарғы үкіметтік және бизнес деңгейде өткізіледі. Форумға ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов, салалық министрліктердің басшылары, сондай-ақ, ірі отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Хабарламада атап көрсетілгендей, 2030 жылға дейінгі әлемдік экономиканың перспективалары, өңірлік энергетикалық қауіп-қатерлер, Қазақстандағы энергияның ұзақ мерзімдік дамыту және пайдалану стратегиясы, ғаламдық энергетикалық проблемаларды шешудегі инновация мен жоғарғы технологияның рөлі форумның басты тақырыптары болмақ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть