Жарияланды: 380

Астанада 8 баласымен қаңғып қалған батыр ана халықтан көмек сұрады

Астанада 8 баласымен қаңғып қалған батыр анаға баспана табылды. Көмекке мұқтаж отбасы далада емес, әйтеуір қала шетіндегі жатақханада түнеп шыққан. Бірақ бұл да уақытша пана.

Қуықтай  бөлмеде отағасы да отыр. Ауыр сырқаттан кейін мылқау боп қалған 8 баланың әкесі,70-ке тақаған Рысбек бүгін ауруханадан шығыпты. Сөйтсе, баспаналары сүрілгенде оның қан қысымы көтеріліп кеткен. Ал шиеттей бала-шаға бірнеше күннен ыстық тамақ ішпей, бәрі әлсіреп жүр. Дастарханда нан мен шайдан басқа түк  жоқ. Оның үстіне биыл мектепке баратын 4 балаға киім- кешек,оқу құралдары ауадай қажет. «Алтын  алқа иегері» қолұшын созған Астана әкімдігіне дән риза. Дегенмен әлі көмекке зәру. Көпбалалы шаңыраққа көмектескісі келетіндер экрандағы телефонға хабарласа алады.

Жеңісгүл Ермұхамбет, «Алтын алқа иегері»

- Ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Біздерді жебеп адамдар көмектесіп жатыр.

Осы жатақханада 3 күн тұрғызамыз деді. Әрі қарай уақытша пәтер тауып береміз дейді. Онда қанша тұратынынды білмеймін. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы далада қалмайсың деді ғой.

 

Отбасының  телефоны: 8 702 517 24 75

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін