Астанада 8 мыңнан астам бос жұмыс орны бар - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 8 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Астанада 8 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Астанада жыл басынан бері 5 188 адам Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарын іздеп келген. Олардың 58 пайызы жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтылды. 

  • 5 Мамыр 2017
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

Атап айтқанда, 1874 адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 107-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 313 адам жастар практикасына жіберілді. Тағы 1028 адам уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді. 

Бүгінгі таңда Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1 023 жұмыс беруші 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынуда.