Астанада әділет департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әділет департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

Астанада әділет департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері азамат Д-ның кеңсе қызметіне орналасуы үшін  одан аттестаттау комиссиясының оң нәтижесіне 5000 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін әділет департаменті басшысының орынбасары А.К. Рақышевты ұстады.

  • 29 Сәуiр 2016
  • 491
Фото - Caravan.kz


 «А.К. Рақышев ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Астана қаласы ІІД УҰИ қамалды. Оның әрекеті ҚК 366-бабы 2-бөлігі (пара алу) бойынша жіктелді. Қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялағаны туралы қолдаухат қозғалды, оны Астана қаласының прокуратурасы қолдады. Астана қаласы №2 Алматы аудандық соты А.К. Рақышевқа қатысты 2016 жылғы 26 маусымға дейін екі ай мерзімге бұлтарпау шарасын санкциялады», — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінде.