Астанада ағымдағы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзудың 172 мыңнан астам оқиғасы тіркелді - ІІД
Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ағымдағы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзудың 172 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Бұл туралы бүгін селекторлық бейнекеңесте Астана қалалық ІІД бастығы Марат Демеуов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Астана ІІД жол полициясының қызметкерлері ағымдағы жылдың 9 айында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 172 мыңнан астам оқиғасын анықтады, соның ішінде көлікті мас күйінде айдағаны үшін 5 377 жүргізуші ұсталды", - деді М. Демеуов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін