Астанада әлеуметтік көмек ретінде тіс протездеу қызметі тегін ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әлеуметтік көмек ретінде тіс протездеу қызметі тегін ұсынылады

Астанада әлеуметтік көмек ретінде тіс протездеу қызметі тегін ұсынылады

Жыл сайын Елордада Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көр

  • 20 Ақпан 2017
  • 451
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын Елордада Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес тіс протездеу түрінде тегін қызмет көрсету қарастырылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, жеңiлдiктер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестiрiлген адамдарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге ұсынылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қызметтер кезектен тыс көрсетіледі. Қалған санаттардағы азаматтарға қызметтер кезек ретімен ұсынылады.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, мекен жай анықтамасын, мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін, уәкілетті медициналық ұйым берген тіс протездеу қажеттілігі жөніндегі медициналық қорытынды ұсынады.

Тiсті протездеуге әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет көрсетіледі. Аталған әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда ауыз қуысына арналған ем-дом шаралары атқарылады. Толық ақпарат алу үшін Иманбаева көшесі, 16, тел. 21-27-14, 21-09-41, 21-29-88 мекен жайы бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар