Астанада алимент төлемеген мыңнан астам тұрғынға елден шығуға шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алимент төлемеген мыңнан астам тұрғынға елден шығуға шектеу қойылды

Астанада алимент төлемеген мыңнан астам тұрғынға елден шығуға шектеу қойылды

Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Алан Тіленшиевтің төрағалығымен «Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» атты жоба аясында уәкілетті органдардың қатысумен жиналыс өтті

  • 8 Мамыр 2017
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы прокуратураның ақпаратына сүйеніп, ҚазАқпарат хабарлады.

«Аудандық прокуратурада аталған санаттағы қылмыстық істердің тергеп-тексеруі талқыланып, қолданылып жатқан шаралардың толықтығын қамтамасыз ету мен алимент төлемдерін өндіру мақсатында әдістемелік нұсқау дайындалды. Бүгінгі уақытта, уәкілетті органдар 250-ден астам борышкердің мекенжайына рейдтік жұмыстар жүргізіп, 98 кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, сот орындаушылардың борышкерлерді қылмыстық жауапқа тарту жөнінде жолдаған 220 ұсынысы Алматы аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — делінген аудандық прокуратура таратқан ақпаратта.

Прокуратура мәліметінше 1 125 борышкерге Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылды, сонымен қатар ақшалай қаражаттары бұғатталды. Бұл ретте, аталған жоба аясында 715 атқарушылық өндіріспен 130 млн. теңгеден астам қаражат кәмелетке толмағандарға өндірілді. Әділет, ішкі істер органдары және прокуратура бірлескен бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жүргізіледі және аудандық прокуратураның қадағалауында.


Соңғы жаңалықтар