Астанада "Антикибер" іс-шарасының барысында 15 мың данадан астам контрафакт өнім тәркіленді
Астана. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 13 тамызда "Антикибер"шұғыл алдын алу іс-шарасының барысында 15 мың данадан астам контрафакт өнім тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Шара ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестің тиімділігін арттыруға, контрафакт өнімдердің жеткізілу арнасын анықтауға бағытталды. Операция Астана қалалық әділет және кедендік бақылау департаменті қызметкерлерімен ықпалдастық негізінде жүргізілді.
""Антикибер"шұғыл алдын алу іс-шарасының барысында ақпараттық технологиялар саласындағы 35 қылмыс пен заң бұзушылықтар анықталып, 3 қылмыстық іс қозғалды. 15491 дана контрафакт өнім тәркіленіп, оперативтік қызметкерлер лицензиясыз өнімдердің 5 қоймасын анықтады", -деп хабарлайды ІІД.
Қаладағы базарларда аудиобейне өнімдерді сатумен айналысып жүрген шетел азаматтарының Қазақстан аумағына келу ережелерін бұзу оқиғалары анықталды.
Сонымен бірге, "Антикибер" шарасының барысында ІІД-нің криминалдық полициясы қызметкерлері "Бақылаудағы сауда" атты 3 шұғыл іздестіру шарасын жүргізіп, оның нәтижесінде ұялы телефондарға зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын клиптерді көшірумен және лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыздықтарды орнатумен шұғылданатын 3 адам ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін