Астанада әнұран шырқап көшеге шыққан әйелдерді полиция ұстап әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әнұран шырқап көшеге шыққан әйелдерді полиция ұстап әкетті

Астанада әнұран шырқап көшеге шыққан әйелдерді полиция ұстап әкетті

Астанада әнұран айтып наразылыққа шыққан әйелдерді полиция автобусқа тиеп әкетті. Баспана даулаған келіншектер Жоғарғы сот алдына соттың шешіміне қарсылық таныту үшін жиналған.

  • 24 Шiлде 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Бұл атышулы «Махаббат» кешенінің тұрғындары. 5 жыл бұрын жеке компаниямен келісімге қол қойған жұрт кейін құжаттардың жалған екенін анықтайды. Пәтерлері басқа адамдарға сатылып кеткенін білгенде бәрі кеш болатын. Бірақ сот шешіміне қарамастан жүздеген отбасы үйлерінен қуса да, шықпай отыр. Бүгін де, плакаттарын көтеріп әнұрандатқаны сол еді,  полицейлер көлікке күштеп тиеп алып кетті. Әйелдер бөлімшеге жеткеннен кейін де жолды жабамыз деп ұзақ уақыт қиғылық салды.


— Жібер! Жібер! Жолды жабамыз!