Жарияланды: 550

Астанада апат салдарынан үзілген су қамтамасыздығы қалпына келтірілді

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада апат салдарынан үзілген су қамтамасыздығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Московская және Катченко көшелерінің қиылысында 18 қазанда сағат 16.51-де диаметрі 600 миллиметрлік су құбыры жарылды. 19 қазан күнгі сағат 22.25-тегі жағдаймен апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, су қамтамасыздығы қалпына келтірілді. Апаттың зардаптарын жоюға "АстанаСуАрнасы" ҚМКК-ның 30 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін