Астанада әріптестерінің өліміне кінәлі полицейге үкім тергеу изоляторында оқылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әріптестерінің өліміне кінәлі   полицейге  үкім тергеу изоляторында оқылды

Астанада әріптестерінің өліміне кінәлі полицейге үкім тергеу изоляторында оқылды

Астанада мас күйінде көлікке отырып, 2 әріптесін мерт қылған  полицейге сот үкімі шықты. Адам өліміне себепкер болса да, Берік Тасыбаев енді 8 жылын түрмеде емес, қоныс-колониясында өткізеді.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 263
Фото - Caravan.kz

Шулы іске қатысты соңғы  процесс  сот ғимаратында емес, Ішкі Істер департаментінің тергеу изоляторында өтті. Дәл осы жерде айыпталушы қамауда отырған болатын. Бүгінгі отырысқа Тасыбаевтың әріптестері де қатысты. Айта кетсек, жантүршігерлік апат былтыр күзде болған. Бақылау камерасына түсіп қалған бұл кадрда Берік Тасыбаев мінген «BMW» бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, «Mercedes»-пен соқтығысқаны анық көрінеді. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан мас полицей қос әріптесі отырған машинаны дәл осылай жермен-жексен еткен. Айыптының жол полицейі болып істегеніне жыл да толмаған екен. Ал апат болған түні ол еңбек демалысында жүріпті. Жылдамдық сүйгіш полицей енді алдағы 8 жылын қоныс колониясында өткізуі тиіс. Тек кесілген жазаға жәбірленуші тарап мүлдем келіскен жоқ.


Мәриям Мұхтарқызы,  марқұм Б.Юсуповтың туысы:

— Бір емес екі жас бала қайтыс болып отыр. Юсупов Бауыржанның артында қалып отыр жұбайы, 19 жастағы студент, 6 айлық баласы бар. Қазіргі жағдайы ауыр. Үшінші офицердің мүгедек болып қалуына байланысты шешіммен біз келіспейміз. Президентке дейін жазуға мәжбүрміз.