Астанада арнаулы қызмет адвокатты пара алғандығы үшін құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада арнаулы қызмет адвокатты пара алғандығы үшін құрықтады

Астанада арнаулы қызмет адвокатты пара алғандығы үшін құрықтады

АСТАНА. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Астанада арнаулы қызмет адвокатты пара алғандығы үшін құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Мамыр 2007
  • 340
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қалалық департаментінің қызметкерлері Астананың орталық заңгерлер кеңесі орталығының адвокатын жасаған қылмысы үшін тағайындалатын жазаны жеңілдетуге көмек көрсету үшін 600 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қалалық департаментінің тергеу бөлімі адвокаттың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағы (алаяқтық), 312-бабының 2-тармағы мен 28-бабы бойынша (пара беруге итермелеу) қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті