Астанада «Артемдағы» төбелес туралы жалған акпар таратқандар жазаланбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  «Артемдағы» төбелес туралы жалған акпар таратқандар жазаланбақ

Астанада «Артемдағы» төбелес туралы жалған акпар таратқандар жазаланбақ

Астананың қақ ортасында болған жаппай  төбелеске қатысты 3 бірдей қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол бойынша базар күзетшілері, жанжалға қатысушылар мен оған себепкер болған мүгедек келіншек сотталуы мүмкін.

  • 23 Маусым 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

«Артемдағы »төбелеске қатысты түсініктеме берген Ішкі Істер министрі төбелестің шығуына «ұлтаралық қақтығыс себеп болды» деп жұртты дүрліктіргендерді де жазаламақ. Интернетте оқиғаны ушықтырғандарға қатысты да іс қозғалған. Ал «Артемның» күзетші қыздарымен ерегіскен мүгедек келіншектің аты-жөні анықталды. Ол 30 жастағы Лаура Баймолданова. Үш баласын ертіп, қайыр сұрау үшін Алматыдан келіпті. Базардың қауіпсіздік қызметі келіншекті ішке кіргізбей қуып шыққан соң саудагерлер мен кездейсоқ адамдар оған араша түскен. Арты қып-қызыл төбелеске ұласып 18 адам қамауға алынған болатын.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Интернетте арбаға таңылған келіншектің баласы өлді жалған ақпарат жазып жұртты дүрліктіргендерді анықтадық. Оның біреуі ішкілікке салынып кеткен азамат екен. Енді олар істеген ісі үшін заңға сәйкес жауап береді.