«А. Шпекбаев мұндай шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктелген маңызды тапсырма екендігін атап көрсетті. Сондықтан полиция қызметі жергілікті атқару органдарымен және бұқаралық шараларды ұйымдастырушылармен тығыз байланыс жасай отырып заң аясында ұйымдастырылуы қажет», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ІІМ халықаралық тәжірибені зерттеу қорытындысы бойынша бұқаралық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің күзетін ұйымдастырудың әдістемелік кеңестерін жасап шығарды. Министрлік, полицияның өңірлік бөлімшелері оларды өткізу кезінде жалпы алғанда азаматтардың қауіпсіздігі мен шұғыл жағдайды бақылауда ұстауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар тәжірибелік және ұйымдастыру шараларын іске асырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті