Астанада «Астаналық жас түлек - 2011» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде
Астанадағы Конгресс-Холл сарайында «Астаналық жас түлек - 2011» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде. |
Жәрмеңкеге 44 білім беру ұйымы, соның ішінде 11 жоғары оқу орны, 25 колледж бен 6 кәсіптік лицей сондай-ақ, білікті мамандар кадрына мұқтаж 20-ға жуық жұмыс беруші қатысуда.
«Әр қатысушы қала бойынша бос жұмыс орындарының және бос лауазымдар деректерінің банкімен, кәсіптік даярлау курстарында оқу жүргізілетін кәсіптердің тізімімен таныса алады. Сонымен бірге, ақылы қоғамдық жұмыстар туралы ақпараттармен танысу мүмкіндігі бар.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бсқармасының мәліметтеріне сәйкес, деректер базасында 331 жұмыс берушіден 1080-ге жуық бос жұмыс орны бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін