Жарияланды: 440

Астанада автоәуесқойлармен викторина өткізіледі

Тұңғыш Президент Күнін мерекелеу қарсаңында Астанада «Біз Президентпен біргеміз!» акциясын автомобиль май құю стансалары мен қала орталығындағы сауда ойын-сауық орталықтарында және № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 автопарктерде өткізу жоспарлануда, -деп хабарланған елорданың ресми сайтында.

Фирмалық белгі таққан волонтерлер «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент Күні» стикерлерін қаладағы автокөлік құралдарының, сондай-ақ барлық қоғамдық жолаушы тасымалдау көліктерінің әйнектеріне жапсырып, акцияның шарттарын түсіндіретін болады. Викторинаның ең белсенді қатысушыларына кәдесыйлар тапсырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін