Қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ осыдан екі апта бұрын Бөгенбай батыр және Момышұлы көшелеріне жүргізілген еді. Жол ережесінің жаңадан енгізілуіне байланысты, көлік жүргізушілері тек ескертумен құтылып келген болатын. Ережені түсіндіруге екі апта жеткілікті деп санаса керек, астаналық жол сақшылары енді нақты іске көшкен. Айта кетейік, мұндай автобус жолақтары жыл аяғына дейін Есілдің сол жағалауындағы тағы біраз көшелерге сызылмақ. Бірақ нақты қай жерлер екені әзірге белгісіз.