Астанада автобустар үшін сызылған жолақ жүргізушілерге жақпай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада автобустар үшін сызылған жолақ жүргізушілерге жақпай қалды

Астанада автобустар үшін сызылған жолақ жүргізушілерге жақпай қалды

Астанада жол қозғалысына енген аяқ-асты өзгеріс жүргізушілердің жаппай таңданысын туғызды. Себебі таңертең Елорда көшелерінде автобустар үшін арнайы жолақ пайда болған. Мұндай тосын жаңалыққа жұмыс пен жеке шаруаларына асыққан жүргізушілер наразы.

  • 25 Шiлде 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

-Бізде көшелер тар керек емес. Ертең айыппұл төлейміз. Түрлі апат болып қалады? Қайтеміз сонда?

Түнімен сызылған сары жолақтар таңдағы қарабаласта көлік кептелісін туындатыпты. Енді онсызда тар жолдың оң жағы тек автобустарға тиесілі. Бұл жолақтар Астанадағы негізгі 3 көшеге сынақ ретінде сызылған екен. Кейін мұндай белгілер қозғалысы көп жолдарға да  сызылып, жексенбіден бастап ресми түрде қолданысқа берілмекші. Алайда бұл белгіге қарап жатқан ешкім жоқ. Көліктер автобуспен жағаласып жүр. Полиция әзірге ескертумен шектелуде, кейін автобустың жолағына өткен машиналарға 20 мың теңгеге дейін айыппұл салмақ. Мұндай жолақ бұған дейін Алматыда пайда болып соңы дауға ұласқан еді. Ал шулы бастаманы Астанада жүзеге асырушылар жолақтың артықшылықтарын  тізіп берді.   

Рустам Халиев, көлік компаниясының  директоры:

-Ең алдымен автобустардың  арасындағы ұзақтық қысқарады. Яғни, жолаушылар бұрынғыдай аялдамада сарғайып тұрмайды. Әрі қоғамдық көліктің жылдамдығы артып, жолушылар діттеген жеріне тез жетеді. Ең бастысы қауіпсіз.Апат та азаяды.