Жарияланды: 420

Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының халықаралық конференциясы өтеді - ҚР СІМ

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"12 тамызда Астанадағы президенттің мәдени орталығында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сенім шараларының каталогын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарына сәйкес "Орталық Азия елдерінің мәдениетаралық ықпалдастығы" деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді", - деді Е. Ашықбаев. "Шараның мақсаты - Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты нығайту, Қазақстанның түрлі өркениеттер арасындағы мәдени диалогты дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктерін насихаттау болып табылады", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть