Астанада байкерлер мен полицейлер қақтығысып қала жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада байкерлер мен полицейлер қақтығысып қала жаздады

Астанада байкерлер мен полицейлер қақтығысып қала жаздады

Байкерлер енді Астанада бас көтеріп жатыр. Елорданың бірнеше көшесінде мотоциклге тыйым салатын білгілер орнатылғалы жүріп тұруымыз қиындады дейді олар. Бүгін жиналып, базынасын айтуы да сондықтан. Ал, полицейлер жұрттан түскен шағым көп болғасын осындай амалға бардық деп отыр. Айтуларынша, жүгенсіз жүргізушілер жылдамдықты асырып, білгендерін істейді. Тіпті, қуса ұстатпай апатқа ұшырап, ақыр аяғы өздері кінәлі болып жатады екен.

  • 27 Маусым 2015
  • 543
Фото - Caravan.kz

Таңнан бері байкерлер осылай мотоциклдерін дырылдатып келіп, жиналып жатыр. Барлығының мақсаты бір. Елорданың бірнеше көшесінде пайда болған мынадай тыйым салу белгілерін алдырту. Өйткені ол мотоциклмен жүруді қиындатып жіберіпті.

Андрей Вишнеков, байкер:  

-Бұл біздің құқымыз аяқ асты болды деген сөз. Салық төлейміз. Жүруге неге тыйым салады? Керісінше мотоцикл көлік тығынын азайтады. Оның үстіне жаз маусымында жүреміз. Жұмысқа барамыз, шаруаларымыз бар.

Байкерлер осылай базынасын айтып жатқанда полиция да дереу жетті. Олар мотоцикл атаулыға жұрттан шағым борап түскен соң шара қолдануға мәжбүр болдық дейді. Айтуларынша, жүгенсіз жүргізушілер жылдамдықты асырып, білгендерін істейді. Қуса ұстатпайды екен.

Елжан Шүпеков, Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысының орынбасары:

Талай жол апатына да себепкер болып, қаншама адамдар қаза тауып жатыр. Сондықтан шағымдарды қарастырып, әкімдікпен келісе отырып осындай шешімге келдік. Тіпті, алдағы уақытта тыйым белгілері артуы мүмкін Ал, әзірге олардың құқығын ешкім шектеп жатқан жоқ.

Байкерлерге мұндай жауап ұнамаса керек, мотоциклдеріне отырып алып зулай жөнелді. Ал, олардың дөрекілігіне полицейлер де жауап қатпай қойған жоқ. Жол ережесін бұзған байкерлерді жаппай тоқтатып жауапқа тартты.


Тәртіп бұзғыш мотоциклистермен күресті осылай жүргізгеніне байкерлер қапалы. Жол сақшылары жаппай тыиым белгісін орнатқанша, ереже бұзғандарды жекелеп ұстап сазайын беруі керек дейді. Ал, дауға себеп болған тыйым белгілері міне. Әзірге тек екі көшеде ғана бар. Бұлар қойылмай тұрғанда мұнда нағыз мотожарыс болыпты.

Ақыр соңында полицейлерден қайыр жоғын түсінсе керек, байкерлер бұл іске биліктің араласуын сұрап әкімдікке өтініш тілектерін өткізіп тарқасып кетті.