Астанада балалар үйінде 3 тәрбиеленуші тірідей өртеніп кете жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада балалар үйінде 3 тәрбиеленуші тірідей өртеніп кете жаздады

Астанада балалар үйінде 3 тәрбиеленуші тірідей өртеніп кете жаздады

Астанада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 3 бала тірідей өртеніп кете жаздады. Аяқ-қолдары мен беттерін қатты күйік шалған жасөспірімдер қазір ауруханада жатыр.  

  • 9 Тамыз 2013
  • 274
Фото - Caravan.kz

Міне, мына көрініс өрттен кейін түсірілген. 15-17 жас аралығындағы 3 жасөспірім бөтелкеге құйылған бензинді жағып көрмекші болған. Алайда, шырпы тұтанғанда лап етіп жанған от 3 баланың екеуінің  аяқ қолдары мен беттерін шарпыған. Олардың қолына жанармайдың қайдан түскені әзірге белгісіз. Өрт сөндірушілер жеткенше балалар мен тәрбиешілер отты өздері өшіруге тырысқан. Ал балалар үйінің басшысы оқиға болған жерге журналистерді маңайлатпай қойды. Жалпы осы өрт болған бөлме терезесінде бұрын темір тор тұрған екен. Төтенше оқиғадан соң бірден алып тастапты. Балалар үйінің басшылығы, сол күйік шалған үш бала бұған дейін бірнеше рет қашып кеткенін айтқанмен, оларды өрт болған бөлмеге мәжбүрлі түрде қамап тастаған деген болжамды жоққа шығарды.


Назира Әбілдина, отбасылық үлгідегі балалар үйінінің директоры:

– Мен ол күні жұмыста болған жоқпын, сондықтан сіздерге нақты ештеңе айта алмаймын. Балалардың сөізнше, олар бензиннің бөтелкесін жағып көрген. Балалардың аяқ қолдаыр ғана күйіп қалған.  Бұл балаларды өзгелерден оқшау ұстаймыз. Өйткені,олар ата-аналарына  бірнеше рет қашып кетті. Ал өрт болғанда есігі ашық тұрған