Астанада Беларусь Республикасының тілі мен мәдениеті орталығы салтанатты түрде ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Беларусь Республикасының тілі мен мәдениеті орталығы салтанатты түрде ашылады

Астанада Беларусь Республикасының тілі мен мәдениеті орталығы салтанатты түрде ашылады

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының II отырысы өтеді.

  • 9 Қараша 2012
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз орталығы хабарлады.

Аталмыш іс-шарада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов пен Белорусь Республикасы Білім беру министрінің бірінші орынбасары Александр Жуктың қатысуымен Беларусь Республикасының тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты ашылуы өтеді.

Беларусь халқының рухани, мәдени мұрасын, тарихы мен әдебиетін, мәдени құндылықтарын насихттайтын орталық, Қазақстан және Белорус студенттерінің ғылыми шығармашылықтарын дамытуға, халықаралық қатынастарды нығайтуға септігін тигізетіні анық.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 18 мамыры күні Беларусь және Қазақстан Республикасы Пезиденттерінің кезекті кездесуі барысында екі ел арасындағы ғылыми және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы аталып, Минск қаласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Беларусь Ұлттық техникалық университетінде «Абай» атындағы қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті орталығы ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар