Астанада бір кәсіпкердің автокөлігі жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бір кәсіпкердің автокөлігі жарылды

Астанада бір кәсіпкердің автокөлігі жарылды

Астанада бір ЖШС-нің басшысына қарасты "ВАЗ-21015" автокөлігін әлдебіреулер қолдан жасалған жарылғыш құралдың көмегімен жарып жіберген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қараша 2003
  • 302
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, 26-қараша күні 20 сағат 55 минутта Абылай хан даңғылының бойында орналасқан тұрғын үйдің жанында алыстан басқаратын тетіктің көмегімен автокөліктің есігін ашқан кезде жарылыс болған. Автокөлік «Алас» ЖШС-нің директоры Т.Айсақовтыкі көрінеді.

Агенттік ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар