Астанада бірнеше пәтерге тонаушылық жасады деген күдікпен Степногорск тұрғыны ұсталды, шығын көлемі 2 млн теңгеден асады - ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бірнеше пәтерге тонаушылық жасады деген күдікпен Степногорск тұрғыны ұсталды, шығын көлемі 2 млн теңгеден асады - ІІД

Астанада бірнеше пәтерге тонаушылық жасады деген күдікпен Степногорск тұрғыны ұсталды, шығын көлемі 2 млн теңгеден асады - ІІД

Астана. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бірнеше пәтерге тонаушылық жасады деген күдікпен Степногорск тұрғыны ұсталды, шығын көлемі 2 млн теңгеден асады. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасының бастығы Марат Төлебаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қараша 2008
  • 398
Фото - Caravan.kz

«»Пәтер» атты шұғыл алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында бірнеше пәтерге тонаушылық жасағаны үшін Астана аумағында Степногорск қаласының бұрын істі болған тұрғыны қолға түсті. Бүгінгі жағдаймен күдіктінің 4 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді, келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеден асады. 27 жастағы бұл жігіт осы тектес қылмыстары үшін бұдан бұрын да 3 мәрте сотталған, қамаудан осы жылдың сәуір айында босап шыққан. Ол пәтерге кілт сәйкестіру арқылы кіріп, ол жерден тек ақша мен бағалы заттарды ғана алып отырған. Пәтерлерді тонаған кезде ол бір танысының көмегіне жүгінген. Ол тонаушылық кезінде жақын маңда жүріп, қатер туралы сыбайласына хабар беріп отырған. Сыбайласынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Ал күдікті қазір басқаның ірі көлемдегі мүлкін тнады деген айыппен уақытша тергеу абақтысында отыр», — деді М. Төлебаев.Оның айтуынша, биыл Астанада 237 пәтер тонау оқиғасы тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар