Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары ұзартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары ұзартылады

Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары ұзартылады

1 маусымнан "Нұрлы жол" вокзалының іске қосылуына байланысты елорданың бірқатар қоғамдық көлік бағыттары ұзартылады.

  • 31 Мамыр 2017
  • 285
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

«Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалын іске қосуына байланысты, автобустардың қозғалысын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылдың 1 маусымынан бастап № 2, 14, 32, 48, 50 қалалық маршруттардың жүріс сызбасы ұзартылатын болады.

№ 2 бағыт

Бастапқы «Бал-бала» балабақшасы аялдамасынан «Бастөбе көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Шарбақты көшесі – теміржол вокзалына дейін жол – «Нұрлы жол» вокзалы» аялдамасы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 14 бағыт

Бастапқы «Теміржол вокзалы» аялдамасынан «Әзірет Сұлтан» мешіті» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Тәуелсіздік даңғылы – Ж.Нәжімеденов көшесі — «Нұрлы жол» вокзалы» аялдамасы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 32 бағыт


Бастапқы «Бал бала» балабақшасы» аялдамасынан «Ж.Нәжімеденов көшесі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Ж.Нәжімеденов көшесі — Қ.Аманжолов көшесі – А.Байтұрсынов көшесі — «Нұрлы жол» вокзалы». Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 48 бағыт

Бастапқы «Теміржол вокзалы» аялдамасынан «Ақмола құрылыс» ЖШС» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Шарбақты көшесі — теміржол вокзалына дейін жол – «Нұрлы жол» вокзалы». Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 50 бағыт

Бастапқы «Бал бала» балабақшасы» аялдамасынан «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Мәңгілік ел – М 3 көпірі — Ш.Қалдаяқов көшесі – Тәуелсіздік даңғылы — Ж.Нәжімеденов көшесі — «Нұрлы жол» вокзалы». Кері қарай осы сызба бойынша.

Соңғы жаңалықтар