Астанада Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

Астанада Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланған.

  • 27 Мамыр
  • 20
Фото - Caravan.kz

Астанада Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде алғаш тергеу жүргізген полицейлер жазаланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Астана патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланған.

Еске салайық, сол кезде ұсталып отырған Бишімбаевқа полиция қызметкері қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты «Она, наверное, сама нозила» («Ол өзі титығыңа тиген болар» — авт. еск.) деген сөз тіркесін айтады. Бұл реплика бейнежетонға түсіп қалып, 8 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы барысында көрсетілді.