Астанада биыл мектеп табалдырығын аттайтындардың саны әлдеқайда көп болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада биыл мектеп табалдырығын аттайтындардың саны әлдеқайда көп болады

Астанада биыл мектеп табалдырығын аттайтындардың саны әлдеқайда көп болады

Астаналық мектептердің 5 мың түлегінің орнына жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа шамамен 22 мың оқушы келеді, деп хабарлады медиа орталықтың тілшісіне қалалық білім беру басшысының міндетін атқарушы Ануар Жанғозин.

  • 14 Шiлде 2017
  • 372
Фото - Caravan.kz

А. Жанғозиннің сөзіне қарағанда, өткен оқу жылы Астананың мектептерінде9 588 орынға жетіспеушілік байқалған, биыл бұл көрсеткіш 17 мыңды құрауы мүмкін, деп жазады әкімдіктің ресми интернет-порталы.

«1-ші сыныпқа келетін оқушылардың саны күрт өсуіне (болжам бойынша 22 мың оқушы) және көші-қон мәселесіне (4 500 оқушы) байланысты 2017-2018 оқу жылында болжам бойынша 17 мың орынға жетіспеушілік сезілуі мүмкін», — деді А. Жанғозин.

Оған қоса Астана әкімдігімен мектептер мен бақшаларда орын жетіспеушілігі мәселесі кешенді түрде шешілуде. Осылайша 2017-2018 оқу жылы 2600 орынға шақталған жапсарлас салынған  5 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ елордада жыл сайын кем дегенде 10 жаңа мектеп салынатын болады.

«6 мектептің құрылысы басталды, жыл соңына дейін 4 білім ордасын салу жоспарлануда. Жалпы алғанда 11 мың орынға арналған 10 мектеп салынады, ол 2018-2019 жылдары пайдалануға беріледі. Оған қоса 13 мектептің жобасын іске асыру бойынша жұмыс басталып кетті. Біздің жоспарымызда – жыл сайын 13-14 мектепті пайдалануға беру», — деді А. Жанғозин.


Қазіргі таңда елордада 95 жалпыбілім беретін білім ордасы бар, онда 130 542 оқушы білім алады. Онымен бірге балалардың көбісі мемлекеттік мектептерге барады. 84 білім ордасында 127 мыңға жуық оқушы білім алады. 11 жеке мектепте 3 625 оқушы оқиды. Орын жетіспеушілік қаланың 27 мектебінде сақталды (оның 3 мектебінде сабақ үш ауысыммен өткен). 

Соңғы жаңалықтар