Астанада бүгін "Қараөткел-2008" атты жыл сайынғы ауылшаруашылығы жәрмеңкесі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бүгін "Қараөткел-2008" атты жыл сайынғы ауылшаруашылығы жәрмеңкесі басталды

Астанада бүгін "Қараөткел-2008" атты жыл сайынғы ауылшаруашылығы жәрмеңкесі басталды

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін "Қараөткел-2008" атты жыл сайынғы ауылшаруашылығы жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Тамыз 2008
  • 482
Фото - Caravan.kz

Жәрмеңкенің ашылуында сөз сөйлеген республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанда ауылшаруашылығының дамуына басым назар аударылып отырғанын, ел бюджетінен жыл сайын ауылшаруашылығын қолдауға ауқымды қаржы бөлініп отырғанын атап өтті.

«Әлемдік экономика азық-түлік тапшылығына душар болып отырғанда, Қазақстанда ауылшаруашылығын дамытудың маңызы зор», — деді премьер.

«Қараөткел-2008» жәрмеңкесіне Қазақстанның барлық өңірлерінен ауылшаруашылығының түрлі салаларынан 200-ден астам кәсіпорын қатысады. Мәселен, ауылшаруашылығы техникасын 20 ұйым, малшаруашылығының өнімдерін 30 астам шаруашылық әкелген. Жәрмеңкеге сондай-ақ жеміс-көкөніс және балық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының өнімдері де қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті