Астанада бұзылған саяжай иелері соңғы бес жыл ішінде он мыңнан астам өтемақы алды - әкім - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бұзылған саяжай иелері соңғы бес жыл ішінде он мыңнан астам өтемақы алды - әкім

Астанада бұзылған саяжай иелері соңғы бес жыл ішінде он мыңнан астам өтемақы алды - әкім

Бұзылатын саяжай телімдерінің қожайындарына нарықтық бағасынан артық өтемақыны ешкім төлемейді, деп елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.

  • 19 Ақпан 2014
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Соңғы 5 жыл ішінде қалада 931 құрылыс жай бұзылып, тәркіленді, 10 миллиардтан астам өтемақы төленді», — деп әкім бүгін халыққа есеп беру кездесуінде атап көрсетті.

931 саяжай иесінің саусақпен санарлығы ғана өтемақыға риза болмады, сот талқысынан кейін олармен ортақ келісімге келеді.

«Бірақ айтқым келетіні, қалада қалыптасқан нарықтық бағадан артық ақша ешкім төлемейді. Көп жағдайда адамдар нарық бағасынан бірнеше есе асып түсетін соманы талап етеді. Заң бәріне бірдей екенін түсінулеріңіз керек», — дейді И.Тасмағамбетов.