Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының болжамдарына сүйенсек, биылғы жылғы Елорда бюджетінің табыстары 4 млрд теңгеге қысқарады. Оның басты себебі — жер телімдерін сатудан келетін түсімнің азаюы. Бірінші жартыжылдықта 16,8 млрд теңге түседі деп болжанғанымен іс жүзінде қазынаға бар болғаны 2,167 млрд теңге келіп түскен.
Денсаулық сақтау басқармасы бюджетін 156 млн теңгеге, мәдениет басқармасы 853 млн теңгеге қысқартуға мәжбүр. Қазынашылар көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасынан 1,263 млрд теңге және энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан да сонша қаражат азайтылған.
«Ішкі істер органдарын ассигнациялау 181 млн теңгеге, білім беру басқармасын ассигнациялау 1 млрд теңгеге қысқартылды», — деді Астана қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығының міндетін атқарушы Бекбол Сағын қалалық мәслихат отырысында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті