Астанада ЭКСПО кезінде үздік түрік фильмі тегін көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ЭКСПО кезінде үздік түрік фильмі тегін көрсетіледі

Астанада ЭКСПО кезінде үздік түрік фильмі тегін көрсетіледі

Астанадағы «Керуен» СОСО-да Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Егер ұмытсам, сыбырла» атты түрік фильмін тегін көрсетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

  • 9 Маусым 2017
  • 348
Фото - Caravan.kz

Фильм апалы-сіңлі Хатидже және Ханифенің өмірінің желісі бойынша өрбиді. Измир қаласында түсірілген киноның режиссері — Чаган Ырмак.

«Фильм Түркияда көптеген марапаттарға лайық деп танылған: 47. SİYAD — «Кино сценаристері қауымдастығының жүлдесі». «Егер ұмытсам, сыбырла» әнін жазған Кенан Догулуға «Фильмдердегі ең үздік музыка» жүлдесі берілген. Ал көркемдік жетекшісі Сойдан Куш «Ең үздік көркем фильм» жүлдесін жеңіп алған. Айтпақшы, фильмдегі рөлдердің бірін Қазақстанға белгілі актер Мехмет Гунсур ойнайды. Көрермендер оны «Керемет ғасыр» сериалы арқылы таниды. Онда ол Шехзаде Мустафаның рөлін сомдаған болатын», — дейді көрсетілімді ұйымдастырушылар.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Егер ұмытсам, сыбырла» фильмін 17 маусым сағат 17:00-де «Керуен» СОСО №4 кинопаркінен тамашалай алады.


 

Соңғы жаңалықтар