Астанада ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына бірнеше бас мердігер тартылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына бірнеше бас мердігер тартылмақ

Астанада ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына бірнеше бас мердігер тартылмақ

EXPO-2017 нысандарының құрылысына бірнеше мердігер компания тартылмақ.

  • 14 Наурыз 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компанияның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.

«Бас мердігер әзірге анықталмады. Меніңше, бас мердігер бірнешеу болады. Демек, бір учаскеде 1 млн 300 мың шаршы метр болса мұндай үлкен көлемді бір мердігер игере алмайды», — деп ол бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

«Сондықтан, нысандар көлемін бөліп, үш-төрт бас мердігер тартылады деп ойлаймын», дейді ол.


Мамыр айында ЭКСПО-ның алғашқы нысандары басталады. Көрмеге бөлінген жалпы алаң 174 га құрайды.