«Жедел -іздестіру шарасының барысында қаладағы бір көңіл көтеру мекемесінен «экстази» психотроптық затын сатқаны үшін алғаш рет 20 мен 25 жас аралығындағы екі жігіттен тұратын қылмыстық топ құрықталды, олардың бірі Еуразия Ұлттық университетінің студенті», — деді А. Байділдаев.
«Жалпы заңсыз айналымнан 50 дана «экстази» таблеткасы шығарылды. Сонымен бірге, ұсталғандардың тұрғылықты жерлеріндегі тінту кезінде героин мен марихуана табылып тәркіленді.
«Ұсталғандар ІІД-нің уақытша тергеу абақтысына қамалды. Есірткі сату деректеріне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», -деді А. Байділдаев.
Қазір тергеу жүргізілуде, психотроптық заттарды жеткізу арналары, оларды тарату схемалары мен қала аумағында сату орындары анықталу үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті