Астанада элиталық тұрғын үй кешенінен өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада элиталық тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Астанада элиталық тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Өткен кеште Астанадағы "Хайвилл" тұрғын үй кешенінің А-1 блогында өрт шығып, соның салдарынан 150 тұрғынды сыртқа шығаруға тура келді. Оқиға орнына қала әкімі Әсет Исекешов келіп жеткен.

  • 20 Ақпан 2017
  • 629
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің ақпаратына сүйеніп, Caravan.kz тілшісі хабарлады.  

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов оқиға орнындаАстана қаласының әкімі Әсет Исекешов оқиға орнында  

"Өрт сондірушілерге 21:10-да хабар келіп түсті. Оттың жертөледе тұтанғаны анықталды. Электр сымы, қаптама, қатталған жиһаз жанып кеткен. Өрт 22:14-те сөндіріліп, 22:35-те толығымен жойылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, 150-дей тұрғын далаға шығарылған. Оның 50-і балалар. Ыс тиген бір адамды жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті" дейді төтенше жағдай комитетіндегілер.


Соңғы жаңалықтар