Астанада екі казино әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада екі казино әшкереленді

Астанада екі казино әшкереленді

Астанада астыртын жұмыс істеп келген екі бірдей казино әшкере болды. Бір-біріне жақын орналасқан ғимарат интернет-клуб атын жамылып, құмар ойындар өткізіп келіпті.

  • 27 Тамыз 2015
  • 300
Фото - Caravan.kz

Бұл жер құмар ойынға құныққандарға қызмет ететін орталыққа айналыпты. Бір қызығы, мұнда келушілер казиноны ғаламторға кіріп, компьютер арқылы онлайн режимде ойнаған. Екінші ғимараттағы жағдай да тура осындай. Сондықтан тәртіп сақшылары екі бірдей казиноның кассасынан 100 мың теңгедей ақша мен құмар ойындар сақталған процессорларды тәркіледі. Енді мұнда келушілер мен көлеңкелі бизнес иелеріне ірі көлемде айыппұл салынбақ. Жалпы, Астанада жыл басынан бері осылар секілді 20-ға жуық казино әшкере болыпты.

Виталий Тен, Астана қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің аға тергеушісі:

Көп адамдар интернет-клуб екен деп кіріп, құмар ойын ойнап кеткенін білмей қалады. Әрі бәрі заңды деп ойлайтындар да жетерлік. Мұндай білместік оларды жазадан құтқармайды. Барлығына тиісті жаза кесіледі.

 

 

Соңғы жаңалықтар