Жарияланды: 480

Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясы өтуде

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Елордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Елдің қуаты - халықтың бірлігінде" атты XIV сессиясы өтуде, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігі.

Ассамблеяның XIV сессиясының қорытындысы бойынша Қазақстан қоғамын ортақ мақсатқа жұмылдыру және бірігуге шақыратын үндеу қабылданады деп күтілуде. Сондай-ақ сессия барысында ҚР парламенті мәжілісінің жаңа депутатын сайлаудың қорытындысы жарияланды. Өз сөзінде мемлекет басшысы: "Біздің бүгінгі басқосуымыз мемлекетіміздің атаулы меркесі - Республика күні қарсаңында өтіп отыр. Осыдан 18 жыл бұрын біз Қазақстан Республикасының егемендігі туралы декларацияны қабылдағанбыз. Ел дербестігін айқындайтын осы құжат арқылы біз барша қазақстандықтар болып жас мемлекеттің іргесін қалауға кірістік. Егемендік туралы сол декларацияның тұжырымдамасы кейінірек Ата заңымыздың қабылдануына негіз салды. Сондықтан бұл мерекенің бәріміз үшін мәні өте зор" деді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін